Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  141


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

* * *

Қайран қамсыз күндерім,
Сайран салып жүргенім.
Қайдан келді салғырттық,
Ойран болды-ау білгенім.
Абайламай құладым.
Шегі жетті шыдамның.
Көз жасымды көрсетпей,
Үнсіз іштей жыладым.
Тырнақтыға ілдірген,
Өзім бәрін бүлдірген.
Өзімсініп жүргенде,
Өстетіні кім білген.
Дос іздеппін талғамай.
Бос жүріппін ойламай.
Қалған көңіл – шыққан жан,
Оралмайды, арман-ай.
01.05.2014 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу