15.02.2022
  148


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҰЯЛАС

Бірін-бірі иіскелеп,
Жүгіруін қоймады.
Бірін-бірі тістелеп,
Екі күшік ойнады.
Бірін-бірі қуалап,
Қатарласып жарысты.
Бірде оқыс тұра қап,
Жұлқыласып, алысты.
Жығылғаны ыза боп,
Қауып-қауып тістесті.
Ал жыққаны
қыза кеп,
Батырды өткір тістерін.
Ойыны отқа айналып,
Қас пен көздің арасы.
 Бір-бірімен шайнасып,
Екі күшік таласты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу