Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
231
ЕСІМЕ АЛСАМ АУЫЛЫМДЫ
Əнін жазған Алмабек Мейірбеков
Туған жер, суың кəусар, лағыл – тасың,
Жүректі шым еткізіп сағынтасың.
Елжіреп сені ойлаған кездерімде
Сөзімнен, шынымды айтсам, жаңылтасың.
Алдымнан жібек самал, еседі жел,
Шақырған өзіңбісің, о, туған жер!
Мен саған құстай ұшып жетпек едім,
Кешігіп жүрген болсам, кешіре гөр!
Көңілде сағыныштан самсайды өлең,
Еске алып ауылымды, тамсай берем.
Даланың ой мен қыры бірдей маған,
Əйтсе де туған жерді аңсай берем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇