26.01.2022
  1964


Автор: Жібек Ысқақова

Жана берсін бақтарың (ана тілегі)

Жана берсін бақтарың,
Жақсы шығып аттарың.
Қос бұлақ едің, мінеки,
Тоғысты, келіп баптарың.

Құтты болсын ақ неке,
Сыйластыққа бастайтын.
Болсын дейміз бақ неке,
Татулықты растайтын.

Бұл анаңның жүрегі,
Бақ тілейтін сендерге.
Шілдехана, бесік той,
Нәсіп етсін біздерге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу