19.01.2022
  126


Қазақ тілі - Ұлы тіл

Тілім - асыл қазынам!


Тіл тұғыры биік ел қазынасы. Өз тіліміз, дініміз бар қандай бақытты елдің бақытты ұрпақтарымыз. Қазақ тілі сан ғасырлар қиылыстарында түрлі өзгерістерге ұшырап, бүгінгі күнге керметтей осы қалпында жеткен. Қазақ тілі өте бай деп жатады. Алдымен әліпбиіміз, расымен де үйренуге біраз қиын тіл болғанымен, мазмұндылығын айтыңызшы. 


 


Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Елін сүйетін, адақтайтын, құрметтейтін әрбір азамат өзінің ана тілін, қазақ тілін білуі тиіс деп санаймын. Әрине, мұндай заң әлі енгізілген жоқ, десе де, бұл әр құрметті азаматтың не азаматшаның өзіне, өз ұлтына деген биік құрметі саналатындай. Сондықтан да жүрегі қазақ деп соққан азам елдің азам жұрты алдыменен өз тілін құрметтеуі тиіс. Тіпті қазақта мынадай дана сөз бар: "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте". Қалай тура, дөп басылып айтылған. Өзге тілді білсең, әрине, мақтаныш, жарайсың. Ал өз тіліңді білмеуді ұят деп түсінемін.


Сондықтан тіл тұғырың, мақтанышың, сенің ұятың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу