04.01.2022
  1275


Автор: Жібек Ысқақова

Сендер барда достарым!

Сендер барда достарым ашық аспан,
Сегдер барда достарым көңіл тасқан.
Тілейтінім өздеріңе бақыт, шаттық,
Жақсы тілек бар ма өзі одан асқан.

Бұл бақыттың ішінде барлығы да,
Амандығың достарым саулығың да.
Күліп-ойнап шаттанып жүріңдерші,
Тілейтінім сол менің барлығыңа.

Орындалсын армандарың аңсаған,
Тәнті болып өздеріңе барша жан.
Берекелі, мерекелі күн болып,
Оу достарым шарықтай бер, шаршаман!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Төлеген
Төлеген 22.03.2025 13:04
Күшті екен,бірақ соңы шаршаман деген қалай өзі?

Пікір жазу