25.12.2021
  265


Автор: Луиза Нағашыбаева

Рухани жаңғыру - ұлт болашағы

  Рухани жаңғыру – біздің ішкі әлеміміздің, санамыздың жаңғыруы. Рухани жаңғыру-өркениеттің жаңаруы. Елбасымыз өз жаңғыруында айтқандай, бұл рухани мәдениеттің, сонымен қатар ұлттық құндылық пен сананың жаңғыруы. Біз рухани жаңғыру арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық болмысын сақтап қалумен қатар, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашамыз. «Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі болашақ» демекші, жастардың санасына тарихымызды, әдет-ғұрпымызды, патриоттық рухты сіңдіруіміз қажет. Біздің болашақ жастарымыздың бойынан өжеттілік пен патриоттық сезім аңқып тұратын болса, біздің ел «Мәңгілік Ел» болуына кәміл сенемін.


  Рухани жаңғыру - нақты қадам, салиқалы пікір, батыл шешім, ел дамуына құрылған ең маңызды құжат болып саналады. Қазақ ұлтының сананы жаңғыртумен қатар, ұлттық болмыстан, ұлттық кодымыздан айырылып қалмай, әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, ел игілігіне жарату туралы мәселе көтеріліп отыр. Рухани жаңғыру - халықтың, ұлтымыздың тамырынан нәр алмаса, ол адаса бастайды.


   Елбасымыз 2019 жылды жастарды қолдау мақсатында «Жастар жылы» деп жариялады. «Жастар-еліміздің болашағы», «Қазақстанның жастары-елдің басты байлығы»-дегендей, елдің дамуы, бәсекеге қабілетті ел болуы жастардың қолында. Адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіру - рухани жаңғырудың басты мақсаты. Бұл дегеніміз салт - дәстүрімізді, ұлттық құндылығымыз бен ұлттық рухымызды, тіліміз бен дінімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жааңғырту деген асыл ұғымға саяды.


  Рухани жаңғыру – тәуелсіз еліміздің келешегі үшін жасалып отырған жұмыс. Болашақ ұрпағымыздың бақытты өмір сүруі мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс деп түсінемін. Сондықтан да әрбір қазақстандық азамат ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек деп ойлаймын.


  Жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруы, үш тілде білім алуы, жаңа технологияны меңгеруінің болашақта әсері зор болары сөзсіз. Ел ертеңі бүгінгі жастарымыздың тәлім-тәрбиесі біздің қолымызда. Сол үшін жастарымыздың бойындағы тәрбие мен білімді ғажайып үндестіре отырып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, сананы үнемі рухани жағынан жетілдіріп, дамытып отыруға бағыттауымыз қажет.


  Тәуелсіздік жылдарында көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін, еліміздің одан әрі нығая түсуі үшін енді жастар өте белсенді болуы керек. Қазақстанның рухани жаңғыруына өз үлесін қосуы керек. «Мәңгілік Ел» идеясы - бүгінгі елдігіміздің негізі. Рухани жаңғыру – ұлттың, елдің болмысына тән құбылыс, халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік.


  Ұлттық кодынан қол үзбеген жеке адам заманынан қалмайды, өз заманының жетістіктеріне қол жеткізеді және оны ұлт игілігіне айналдыра алады. Мемлекет еліміздің ортақ үйі, сол үйді күтіп-баптауға, рухын сақтауға, рухани жаңғыртуға әрбір Қазақстандық азамат өз үлесін қосуға әрқашан дайын болуы керек.


 


 


Луиза Нағашыбаева


Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің журналистика мамандығының 1курс студенті. 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу