Өлеңдер ✍️

  10.11.2021
  5879


Автор: Жібек Ысқақова

9 сынып мектеп бітіріп жатқандар үшін

Тоғызыншы сыныпты бітіргендер,
Армандарың асқақ боп биік самға.
Асуларды бағындырып, белестерді.
Алға ұмтыл, биікте, артта қалма!

Әрбір күнді бағалап, арманға жет,
Арайлы да шуақты таңдарға жет.
Өмірдің қанша сынағы болса-дағы,
Жеңіп шыққын қашанда сен күлімдеп.

Бар жақсысын арнай берсін бал өмірің,
Сәттілікте жалғасып бар өмірің.
Бақ-береке, қуанышын арнай берсін,
Есік ашып, қадам басқан жаңа өмірің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Гүлнұр апай
Гүлнұр апай 07.04.2026 23:59
Гүлнұр апай рахмет

Пікір жазу