Баталар ✍️

  02.11.2021
  4908


Автор: Жібек Ысқақова

13 мүшел жасқа бата

Он үш жас келді, мүшел жас,
Бақыт берсін, бақ берсін.
Бар жақсыны мүшел жас,
Бір өзіңе ап келсін.
Жамандықты аулақ қып,
Жақсылығын нақ берсін.
Қуанышын көп қылып,
Қиындығын жоқ етсін.
Шаттығыңды көбейтіп,
Көңіліңді тоқ етсін.
Жаратқан ием жар болып,
Саулығыңды зор етсін.
Бар жақсыны нәсіп қып,
Ризығыңды мол етсін.
Жорытқанда жол беріп,
Ақ жолыңды оң етсін.
Алла өзі жар болып,
Игі ісіңді көбейтсін!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Меруерт
Меруерт 16.08.2022 00:53
Керемет жазылған екен ?

Пікір жазу