Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.09.2021
364
Қағаз кеме суға түсті
Жаңбыр көзін ашып-жұмып,
Найзағайдан қорқып, бұғып,
Күле салған жылап тұрып,
Сәбидейін жасын сығып.
Алды дағы қоя қойды,
Құшты шуақ қырды-ойды,
Күліп тұрды көпке дейін,
Қандыра кеп көк мерейін.
Қауырт іс ел баласына
Басталды арық жағасында,
Қызыл-жасыл алуан түсті
Қағаз кеме суға түсті.
қағаз кеме кеме су Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter