Баталар ✍️
Баталар ✍️
08.09.2021
398
Тойға бата
Балалардың ұзақ болсың өмір-жасы,
Бірге өссің біте қайнап мал мен басы!
Қашанда тіл мен көзден аман сақтап,
Қасында жүрсін оның пір-панасы!
Үйреніп өнер-білім өрге жүзсін,
Үлгі алсын қатар-құрбы замандасы!
Қондырып оң жағына отауларын,
Қызығын көрсін оның ата-анасы!
Алдынан шамшырағы қарсы жанып,
Гүлденсің жермен көктің екі арасы!
Шалынсын періштенің құлағына
Біздердей қариялардың ақ батасы!
Қуанышқа көңілдер толсын әмән,
Баяғыда жоралғы-жол сұраман
Менің жалғыз тілерім жол үстінде-
Ұл-қызымыз бақытты, болсын аман!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter