Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.07.2021
429
Қанатымен көлдің бетін
Қанатымен көлдің бетін
Жалап ұшты - шағала
Күміс толқын көк өрнегін
Алып қашпақ далаға.
Алып қашпақ - тау басына,
Сұлулықты, тәкаппар.
Жұмбақ күштің арқасында
Жалғанардай - сан сапар.
"Толқын болып - будаланып,
Ақсам - дейді, - аспандап.
Қанаттарым шудаланып
Жартасты ұрса - қос қолдап.
Жер-әлемді шуылдатып,
Өз дауысымды толғасам.
Дауыл желді суылдатып
Оңды, солды бұлғасам."-
деп, ойлай ма - шаңқылдайды
Көл еркесі, ой, Аллай!
Бір басынан артылмайды
Жоғын іздеп - таба алмай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇