Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  154


Айсұлу Рүстемова‎

О, Муза...

Жалт-жұлт па? Сенікі емес-ті ол.
Қызыға алмадым.Неліктен?
Кім қалай жүр осы деместен,
Өзіңді аңсадым, көріп дем.
Тойлар да толтырмай көңілді,
Жалғыздық сезіндім бекерге.
Жүрегім бәрінен жерінді,
Тұз орнын бере ме шекерге?
Бірдеңе ұмытқан жандаймын,
Ұйқысыз күзеттім ырғақты.
Орнына ештеңе алмаймын,
О, Муза, қасиеттім, тіл қатшы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу