Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  156


Айсұлу Рүстемова‎

О, мені ойлап ешқашан күрсінбе!

А.Ахматовадан

О, мені ойлап ешқашан күрсінбе!
Қылмыс деп қайғыру ұғамын.
Күлгін түс шүберек - Күн сіңген,
Оған да түсініксіз шығамын.
Қанаты қайырылған құстаймын,
Көзінде белгісіз жымиыс.
Әйтпесе құс болып ұшпаймын,
Бақытты болу да қиын іс.
...Осы еді оның да арманы,
Моладан шыққандай бір үн жүр.
Еріндер от сезіп, жанды әні,
Екі бет сұп-суық. Бұлыңғыр.
Бәлкім ол кінәлі емес-ті.
Өзгенің не сезді көзінен?
Түсім де өңімдей көмескі,
Өлетін сияқты сезінем...

9 желтоқсан 1992ж. Мәскеу.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу