Өлеңдер ✍️

  31.05.2021
  197


Автор: Қадыр Мырза Әли

Жоқ

Қиялдан басқа құсым жоқ.
Қызылдан басқа түсім жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Қайратым бар да,
Ісім жоқ.
Көзімнен басқа нұрым жоқ.
Төзімнен басқа пірім жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Шабытым бар да,
Жырым жоқ.
Тілімнен басқа жауым жоқ.
Білімнен басқа дауым жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Бұлты бар,
Бұлты...
Жауын жоқ.
Сүйгеннен басқа мұңым жоқ.
Күйгеннен басқа мінім жоқ.
Қинайды мені
Күндерім
Асылым бар да,
Құным жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу