Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.05.2021
288
Байып қалдым, қиялға да жарыдым...
Байып қалдым, қиялға да жарыдым,
бәрібір сол тарқамады бір құмар.
Біреу менің, мен біреудің жарымын –
Не жөнім бар мұны сізге сыр қылар?
Қай жүйрікті жаяу қуып жетемін,
Маған өмір босағасы тиіпті.
Сүйем деймін, сүю менің не теңім,
Өзім бола алмаған соң сүйікті!
байлық қиял құмар Жұмекен Нәжімеденов Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇