Өлеңдер ✍️

  06.05.2021
  324


Автор: Әбділда Тәжібаев

Байқасам

Таң кірді тереземнен, мені оятты,
Көрпемді түсіп қалған қайта жапты.
Ысқырып, көшені жел сыпырып жүр,
Жүгіртіп жолда ұйықтаған жапырақты...
Жатырмын. Жадырауға ерінемін,
Болымсыз бұлдыр ойға берілемін.
Орнымнан ас ішерде әрең тұрып,
Секілді кәрі мыстан керілемін.
Білемін - асқазаным әжептәуір,
Кетеді судай сіңіп құйрық-бауыр.
Әлсіреп жүрегім де сыр берген жоқ,
Жұтамын сұйықтарды шайдан да ауыр.
Түп-түгел орнында тұр есен-саулық,
Әйтсе де қозғалтпайды бір қырсаулық.
Әлде бұл кәріліктің кебі ме екен,
Кем-кемдеп төсек жаққа жүрген баулып?
Жоқ, достар! Сездім енді, енді аңғардым,
Бұл қырсық кеселі екен тойғандардың.
Қызықтап барады екем бай мінезін,
Қалыппын тежей алмай өзімді өзім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу