28.03.2021
  1036


Ақиқатты іздеу

Оның осынау бір тып-тыныш, жапан елдегі сапары тәмамдалды. Ескі үйдің есік алдында от жағып Шындық отыр. Ол өмірінде мұнан асқан кәрі әрі ұсқынсыз әйел затын көрген емес.

-Сіз Шындық боласыз ба?

Бет аузы әжімденіп кеткен кәрі әйел салтанатты түрде бас изеді.

-Айтыңызшы, мына әлемге қандай сәлем айта барайын? Қандай хабар апарайын?

Кемпір отқа түкірді де тіл қатты:

-Оларға менің әдемі әрі жас екенімді айта бар!

(Роберт Томпкинс)



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу