Өлеңдер ✍️

  27.07.2026
  18


Автор: Гүлзия Тәжіханқызы

ӨТІП ЖАТТЫ ӨМІРІМ

 


Естеліктер көп жатыр, мен білетін,
Өзгермепті жолдарың, сен білетін.
Аппақ қайың талайдан кейпін сақтап,
Тастаған тек бұтағын селдіртіп.


Өзге ағаш қасында көктемеген, Жапырағын қуратып төкті емен.
Сол баяғы тұрғаны – жалғыз қайың, Өзгелерге арудай өкпелеген.


Ойнатұғын асыр сап көктем қайда,
Қауыз жарған гүлімен төккен майда?
Көрігіне тоймай гүл теруші ек,
Талай уақыт өткен жыл, өткен айда.


Бізді алдан тосатын сарғайған күз,
Уақыт өте бәрібір салмайды із.
Біз өтетін көше де артта қалып,
Елес болып, бірде-бір қалмайды-ау із.


Ақ қайыңды күрсініп құшақтадым,
Тілеу тілеп тұрғандай тұсап бағын.
Бір тоқтамай, өзендей ағып өтіп,
Өтіп жатты өмірім, ұқсап ағын.


Авторы: Гүлзия Тәжіханқызы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу