Өлеңдер ✍️
ТУҒАН ЖЕР
Өзгеріпті бәрі де мен кеткелі,
Өмір - дүрмек, білесің, бәрі өтпелі.
Кеше ғана күз келіп қайтқан құстар
Мекеніне оралып әлі өтпеді.
Жылдар жылжып, уақыт та ұзады ма,
Жайраңдаған жаз да өтті күз алдында?
Жоғалтудан қорқамын айналамды,
Кете ме деп ғайып боп көз алдымда.
Қалған артта үнім бар маусымдағы,
Жыр – жүрегім, әйтеуір, дау соғады.
Іздеп барып қайтайын ауылымды,
Туған жерге сағыныш таусылмады.
Мен іздесем, мекенім, тіл қатыңдар,
Алып кеме сиқың мен тұрпатың бар.
Жаным егіз табиғат әлеміне,
Белгі беріп, барғанда үн қатыңдар!
Мен барғанда шарқ ұрып, сілкініңдер,
Қарайласын кешегі күлкі күндер.
Көкжал бөрі ұлысын апанында,
Көк аспанның шарпылған күркірінде.
Маған бірдей көк пен жер - жоқ аласы,
Ауылыңды көргенде жайланасың.
Сезсем-дағы жалғанды, ұға алмасын.
Маған қымбат тау-тасы, саф ауасы!
Гүлзия Тәжіханқызы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇