Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2026
10
АППАҚ МЕНІҢ СЕЗІМІМ
Өмір мені талай сынға салса да,
Қолымдағы бар дүниемді алса да.
Аппақ менің сезімім бар жүректе,
Кей адамнан бұл көңілім қалса да.
Өмір мені биікке көтерсе де,
Кейде құздан аяусыз итерсе де.
Аппақ менің сезімім өзгермейді,
Қара бұлтты басыма күй берсе де.
Көңіліме кейде кірбің түссе де,
Шыдамым жоқ, күйім болмай бітсе де.
Аппақ сезім жүрегімді тербейді,
Тағдыр жолы тұманымен күтсе де.
Өмір жолым қым-қиғаш боп тұрса да,
Жалғандықтан сағым тағы сынса да.
Аппақ менің сезімім, адал жолым,
Біреу сынап сайықмазақ қылса да.
"Ақынмын" деп өзімді көтермеймін,
Кеуде керу мен үшін бекер деймін.
Аппақ менің сезімім, құрметім көп,
Барша адамға қошамет етердейін...!
Мен — анамын, әлдилеген баласын,
"Жаннатым" деп ұғынатын анасын.
Аппақ менің сезімім баға жетпес,
Жақсы көрер Қазағымның даласын.
Мен — құрбымын, сатпайтұғын сырласын,
Досқа берік, биік қояр құрдасын.
Аппақ менің сезімім білсеңіздер,
Жүрегімде жанашырлық тұр басым.
Мен — бауырмын, қарындаспын, әпкемін,
Мейірімді үндеп жүрер дәптерім.
Аппақ менің сезімім, шүкір Алла,
Көп дей алам қуанышты сәттерім...!
Мен — қазақтың қарапайым қызымын,
Қайсар қазақ қыздарының ізімін.
Бұл өмірдің салқынына тоңбайтын,
Келсе-дағы суық ызғар күзі мың.
Ақ ниетпен атқан әрбір таңым бар,
Ақ жүректі намысым бар, арым бар.
Аппақ менің сезімім жүрегімде,
Пәк сезімді аялайтын жаным бар...!
Жібек Искакова
Қолымдағы бар дүниемді алса да.
Аппақ менің сезімім бар жүректе,
Кей адамнан бұл көңілім қалса да.
Өмір мені биікке көтерсе де,
Кейде құздан аяусыз итерсе де.
Аппақ менің сезімім өзгермейді,
Қара бұлтты басыма күй берсе де.
Көңіліме кейде кірбің түссе де,
Шыдамым жоқ, күйім болмай бітсе де.
Аппақ сезім жүрегімді тербейді,
Тағдыр жолы тұманымен күтсе де.
Өмір жолым қым-қиғаш боп тұрса да,
Жалғандықтан сағым тағы сынса да.
Аппақ менің сезімім, адал жолым,
Біреу сынап сайықмазақ қылса да.
"Ақынмын" деп өзімді көтермеймін,
Кеуде керу мен үшін бекер деймін.
Аппақ менің сезімім, құрметім көп,
Барша адамға қошамет етердейін...!
Мен — анамын, әлдилеген баласын,
"Жаннатым" деп ұғынатын анасын.
Аппақ менің сезімім баға жетпес,
Жақсы көрер Қазағымның даласын.
Мен — құрбымын, сатпайтұғын сырласын,
Досқа берік, биік қояр құрдасын.
Аппақ менің сезімім білсеңіздер,
Жүрегімде жанашырлық тұр басым.
Мен — бауырмын, қарындаспын, әпкемін,
Мейірімді үндеп жүрер дәптерім.
Аппақ менің сезімім, шүкір Алла,
Көп дей алам қуанышты сәттерім...!
Мен — қазақтың қарапайым қызымын,
Қайсар қазақ қыздарының ізімін.
Бұл өмірдің салқынына тоңбайтын,
Келсе-дағы суық ызғар күзі мың.
Ақ ниетпен атқан әрбір таңым бар,
Ақ жүректі намысым бар, арым бар.
Аппақ менің сезімім жүрегімде,
Пәк сезімді аялайтын жаным бар...!
Жібек Искакова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇