Өлеңдер ✍️

  21.07.2026
  59


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Еске алу асқа арнау

Орта жүз Арғын біздің ағамыздың,


Тектілікте ұлы байтақ даламыздың.


Ақылдың кені еді Байдалы би,


Тарихы терең таным санамыздың.


 


Сәлем бердік Арқадағы ағайынға,


Тек жақсылар жүре алатын маңайында.


Ұлы жүзді бауыр тартқан бөле-жармай,


Кіші жүздің, Әлім, Табын, Адайында.


 


Арғыннан текті тұлға Бекшедегі,


Сары бел, Қыран ұшар Көкшедегі.


Айбынды Абылайда сөзге тоқтап,


Сегіз биден дара тұтып, екшеледі.


 


Арқаның міне осылар тектілері,


Заманының дара тұтқан ептілері.


Біздер үшін ат үстінде елін қорғап,


Ұрпағымыз текті болсын, -деп тіледі.


 


 Қабыл болсын өтіп жатқан астарыңыз,


Жалындап жанап тұрсын жастарымыз.


Ағайынның басын құрап, Құран оқып,


Әруақтарды бір тербетіп тастадыңыз.


 


Шолпанның асын айтсам көктемдегі,


Он жетінші Наурыз мейрам өткендегі.


Жүз жылдай тоқтап қалған тарихаттың,


Жырға жаздым ең алғашқы жеткендегі.


 


Алланың нұры түсер жылда көктем,


Мың жылдық тарихы бар, бізге жеткен.


Алты Арыстың әруағын шарықтатып,


Бес әулие бес мың жылдай бұрын өткен.


 


Ардақтап бізде Зура анамызды,


Құрметтеп Рымбек атты данаңызды.


Алты Арыстың ақылшысы үлкендікте,


Ақ жолды ұран Арғын ағамызды.


 


Қабыл болсын бата, тілек асыңызда,


Жүзге жетсін, әрбіріңнің жасыңызда.


Құранның тие берсін сауаптары,


Қырдағы Қыдыр келсін қасыңызға.


 


Бақ дарысын әділ бидің әулетіне,


Береке де дари берсін дәулетіне.


Әруақытта аман болсын ұл мен қызы,


Елдіктің үлес қосқан сәулетіне.


 


Барлығының есімдері болған Нұрдан,


Байланыста бар ма дерсің, тылсым сырдан.


Алланың нұры түскен әулеті деп,


Менде сол таңба салдым, күміс жырдан.


 


 Асылбек Әбсадық тегі, 18 шілде 2026 жыл, Астана қаласы.


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу