01.07.2026
  31


Әлеуметтік желілердің жасөспірімдердің психологиясына әсері


  • Қазіргі кезде әлеуметтік желілер жасөспірімдер өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Жасөспірімдер бос уақытының көп бөлігін түрлі әлеуметтік желілерде өткізеді.Әлеуметтік желі арқылы жастар ақпарат алып, достарымен байланысады және өз қызығушылықтарын дамытады. Сонымен қатар, олар әлемде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып отырады.
  • Дегенмен әлеуметтік желілерді көп пайдалану кері әсерін де тигізеді. Мысалы, жасөспірімдер өздерін басқалармен салыстырып, өзіне деген сенімін жоғалтуы мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік желіге тәуелділік уақытты босқа өткізуге және сабақ үлгерімінің төмендеуіне әкеледі.Одан бөлек әлеуметтік желіде шамадан тыс отырғанда адамның денсаулығы кетеді,есте сақтау қабілеті,көздің көру қабілеті нашарлайды.
  • Қорытындылай келе, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану маңызды.Желіні дұрыс қолданған жағдайда пайдасы көп, ал шамадан тыс қолдану психологиялық мәселелерге себеп болуы мүмкін.

 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу