Өлеңдер ✍️
Доссыз адам
Өзімен өзі -
Қайғырсадағы, күлсе де,
Жүретін шығар өзіне, бәлки тым сене.
Өзіне-өзі көрінген кезде таудай боп
Кеудесіне әсте пісіп-ақ шығар күлше де.
Керуенге ермей,
Кісікиіктеніп, басыр боп,
Құмарлау жаны өсекті өріп, тасуға от.
Иығы сыймай сыралғы топтың ішіне,
Қосылар жұртқа бойында мүлде бәсі жоқ.
Сыралғы дос жоқ,
Жолдассыз қараң, дарасың,
Қозғалған көштің жұртында дара қаласың.
Қызғаныш ойнап ішінде сонда күйікпен,
Тастайсың топқа өсек пен күйік шаласын.
Адамы болмай
Іш тарта сөйлер сыралғы,
Нақ сондай адам тікендей шетте тұрар-ды...
Ере алмай көшке қалғаның үшін қыжылмен
Артасың келіп басқаға шамшыл кінәңді.
Өзіңнен асқан
Білмейсің дана білгірді,
Келмейді бергің өзгеге әсте шылбырды.
Жүресің жұрттың ортасын содан ойран ғып,
Тастамай сылып қызғаныш деген құрғырды.
ЗЕЙНОЛЛА ӘКІМЖАНОВ
"ЖЕРҰЙЫҚ" ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ. 1993 ЖЫЛ. 76-БЕТ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇