29.05.2026
  18


Автор: Нурабасова Назира

Халқымыздың салт-дәстүрін жас ұрпақ қалай ұғарады?

Қазақ халқының салт-дәстүрінің өзіндік тарихы бар,бұл ежелден ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жатқан асыл қазына.Салт-дәстүр дегеніміз той-дом,ұлттық киім,ән-сөз ғана емес,ол өз Отанына деген сүйіспеншілік,үлкенге құрмет,ізгілік сияқты құндылықтардың бірі.Жас ұрпақ дәстүрдің маңыздылығын түсінген сайын адам да патриоттық сезім қалыптасады.

Салт-дәстүрдің қалай ұғарылатынын адам өмірге келе сала өздігінен емес,отбасындағы тәртіпке қарай ұғара бастайды.Бала ата-анасының қонақжайлылығын,сый құрметін,бесік жырын,тұсау кесу,наурыз және т.б әрекетін көзбен көреді.Бұл әрекет жас буынға “мінез-құлық”болып бойына сіңіп,өмірінің соңына дейін өзіне үлгі болады.

Отбасын да болатын әңгімелер,әжесі немесе атасы айтатын аңыздар да салт-дәстүрдің тірі өрнегі.Балаға кішкентай кезден бастап ұлттық іс-шаралар,ойындар,тойлар туралы түсінік беру арқылы өз мәдениетін құнды деп сезінеді.

Салт-дәстүрлердің ұғартуын да мектеп те үлкен рөл атқарады.Мұғалімдер қазақ тілі,әдебиет,тәрбие сағаттарын да әдет-ғұрпты,салт-дәстүр бойынша бата беру,қонақ жөнін де айтылатын өсиет арқылы ізгілікті түсінеді.

Оқушылардың ұлттық өнермен айналысуы,домбыра шерту,қобыз да ойнау,халық биін билеу,қолөнерді дамытуы салт-дәстүрдің жаңа формасын да берілгенін көрсетеді.Осы шаралар жастардың өз мұрасына деген сыйын арттырып,дәстүрді тек “көзге”емес,”сенімге”айналдырады.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер,ойын түріндегі оқу бағдарламалары салт-дәстүрдің мағынасын балаларға жеткізудің жаңа құралына айналды.Бірақ технология салт-дәстүрдің орнын баспайды,тек арттыра түседі.Келешек ұрпақ жаңа құралмен шектелудің орнына,оны өздерінің өміріне шынайы жеткізе алса салт-дәстүрлер өз көрінісін жаңартып,сақталып қалады.

Әрбір жас қазақ өз салтын желілерге тереңдетіп насихаттап,әнін,тойын,ұлттық тағамын ұсына алатын болса,ұлттық рухы түбегейлі мәңгілік жасайды.

Қортындыға тоқталсақ,ізбасарлар салт-дәстүрді үйде,мектеп те,қоғам да өзіне үлгі етіп,тәрбиесін өзіне негіз ретінде ұғарады



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу