Қысқаша халықтық даналық тілектер
Келіннің қолынан шай ішкізіп, немере қолынан су ішіп, шөбере қолынан май жалататын күнге жеткізсін.
«Ағаш - тамырымен, адам - достарымен қымбат» деген, ендеше, достарың көп болсын.
Көңіліңіз қартаймасын, құт-берекеңіз ешқашан ортаймасын.
Отбасыңызға келген қуаныш тек өзінің жақсылығы мен ырзығын арқалап алып келсін.
Күндеріңіз көркем, жылдарыңыз жемісті болсын.
Ата-анаңның аяулысы бол, Алланың сүйкімдісі бол.
Еңсеміз тік, қадамымыз тік болсын.
Жаныңыз қашанда сәбидің жанындай таза болсын.
Жарық та жарқын аяулы күндеріңіз нұрға толсын.
Өмірде әттеген-ай деген аз болып, шіркін-ай, пай-пай дегеніміз басым болсын.
Бірімізге-біріміз шаттық сыйлап, әрбір күнді қуанышқа толтырайық.
Әрқашанда жақсылық жандарыңыздың серігі болсын, қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін.
Қыдыр қонып, бақ дарысын.
«Кең болсаң, ештеңеден кем болмайсың» демекші, қашанда жүрегің ашық, пейілің кең болсын.
Келген мүшел жасыңнан аман-есен, сүрінбей өтуіңе тілектеспіз.
Алланың алақанындағы ғұмырыңыз ұзарсын.
Ай мен күнге теңейтін балаңыз аман болсын, баңы жансын.
Өткенге өкінбе, Болашақты болжама, осы шақты бағала.
Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл. Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.
Өзендей өмір, көлдей көңіл тілеймін.
Арманың биік болсын, Қиялың жүйрік болсын.
Арманың алдамасын, Өмірің өкіндірмесін. Махаббатың мұңайтпасын.
«Бақыт деген досыңның - қабағында, жарыңның - жанарында» дейді. Осындай өмірлік дос болып өтіңіздер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇