Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.05.2026
61
Шексіз алғыс
ұнайды әке білдірместен қорғайтының
теңдесі жоқ асылға балайтының
ұнайды кейде қатал бола тұра,
мен үшін бәріне шыдайтының.
ұнайды мейірімің, жылы сөзің
жүрегімде сақтап жүрмін әрбір кезің.
қаталдығың болса да, білемін
барлығы мен үшін, барлығы-сезім
ұнайды үнсіз ғана қолдайтының
қажымай әрбір сөзімді тындайтының
жүрегіңнің түбінде мәңгі мен бар,
жан әке, сенсіз өмір қайғылың
алғысым шексіз саған, әкетай,
қамқорлығын жүректе мәңгі сақтай.
қанат боп әркез қорғайсың мені,
сен барда өмір де мәнін ақтай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇