04.05.2026
  24


Ойлы ұрпақ–ел болашағы

                Ойлы ұрпақ–ел болашағы              
    Қай кезеңде де елдің ең үлкен байлығы — жер асты қазынасы немесе зәулім ғимараттар емес, саналы да білімді ұрпақ болған.Себебі мемлекеттің шынайы дамуы экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, азаматтарының ойлау деңгейімен, дүниетанымымен және рухани мәдениетімен өлшенеді.Сондықтан ойлы ұрпақ тәрбиелеу — бүгінгі қоғам алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі.


    Ойлы ұрпақ — тек сабақты жақсы оқитын жас емес. Ол — айналасында болып жатқан құбылыстарға бейжай қарамайтын, сұрақ қоя білетін, ізденетін, саралайтын және өз ойын ашық жеткізе алатын тұлға.Мұндай ұрпақтың бойында білімге құштарлық, елге деген жанашырлық, жанашылдыққа ұмтылыс қатар жүреді. Себебі терең ой — үлкен істің бастауы.


     Бүгінгі ақпарат тасқыны заманында жастардың санасын қалыптастыру — аса жауапты іс. Әлеуметтік желідегі жеңіл ақпарат, уақытты босқа алатын контент, жасанды құндылықтар кейде жас буынның ойын шашыратып, назарын маңызды дүниелерден алыстатуы мүмкін. Осындай кезде кітап оқу, сапалы білім алу, пайдалы орта қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту — ойлы ұрпақтың басты белгісіне айналуы тиіс.


     Елдің ертеңі — тек дипломы бар жастардың емес, ойы бар жастардың қолында. Өйткені идеясы мықты ұрпақ қана қоғамға серпін береді, ғылымды дамытады, мәдениетті биіктетеді, елдің беделін арттырады. Тарихта із қалдырған ұлы тұлғалардың барлығы — терең ойдың, үздіксіз ізденістің, биік мақсаттың иелері болды.


     Сондықтан болашақты жарқын еткіміз келсе, ең алдымен ойлайтын, талдайтын, оқитын, әрекет ететін ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ойлы ұрпақ — бүгіннің үміті ғана емес, ертеңгі ел тірегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу