Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.04.2026
35
Астана
Тіршіліктің ақ сүтіндей қайнаған,
Астанаға қарашы бір жайнаған.
Зулап жатқан мың көліктің ішінде
Үнсіз қалып бірер сәтке ойланам.
Менде жүрмін сенде жүрсің - бұл қалай,
Тіршілік деп сезім жайлы ойланбай.
Уақытша ғой неге жанды алдаймыз
Пәк сезімсіз мына қалай тұр қалай.
Көңілдердің өзі бүгін суықтау,
Тоңған жанға, тағы тағдыр жолықтау.
Кім бар мында тоңғандарды жылытқан
Тек күртешем қолтығы сәл жырықтау.
Уақыты жоқ сезімге де басқаға,
Мейлі суық бәлкім қатал Астана.
Жылу іздеп келген едім Көкшеден
Суығыңа жас балаңды тастама.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇