Эсселер ✍️

  14.03.2026
  40


Ең үлкен байлық денсаулық

   Адам өміріндегі ең қымбат нәрсе – денсаулық. Киім, зәулім үй, көлік барлығын ақшаға сатып алуға болады. Бірақ денсаулықты емес. Сондықтан ең үлкен байлық денсаулық.
  Қазір біз медицина дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз. Қолыңда ақшан бар болса бәрін өз қалпына келтіруге болады деп ойлаймыз. Шынында олай емес. Кенедей болып жабысқан ауру адамды қажытып жібереді. Өмірдегі барлық заттың құнсыз екенін ұғындырады. Ақыр аяғында деніміз сау болған күндерді аңсаймыз. Кейде ойлаймын спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, дұрыс ұйқы бәрі мәнсіз болып көрінетін секілді. Басына жазылған тағдыр осы болса, адамда оған қарсы тұрарлық қауқар жоқ. Бірақ он екі мүшеміз сау кезінде денсаулығымызды бағалай білу керекпіз. Денсаулыққа кінәрат келтіретін әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстану қажетпіз.
  Ұлы ойшыл Сократтың сөзімен ойымды қортындылағым келеді. “Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақыттты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ” -деп айтқандай, адам бақытты болуы үшін оған денсаулық керек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу