Өлеңдер ✍️
Бір кезең болады
Бір кезең болады
Махаббат мұңына мас болар.
Бір кезең болады,
Сезімге беріліп жас болар.
Бір кезең болады,
Жылыған жүрегің тас болар,
Бір кезең болады,
Көзіңе мөлдір мұң жас толар.
Бір кезең болады,
Ештеңе сезбейсің білмейсің.
Бір кезең болады,
Жабырқау халдесің күлмейсің.
Бір кезең болады,
Өсекке беріліп тілдейсің.
Бір кезең болады,
Баяғы күніңдей жүрмейсің.
Бір кезең болады,
Жаныңмен, тәніңмен ұнатар.
Бір кезең болады,
Жақының өзіңді жылатар.
Бір кезең болады,
Аяқтан тартатын, құлатар.
Бір кезең болады,
Бейтаныс біреулер жұбатар.
Бір кезең болады,
Айналып қайтадан келмейтін.
Бір кезең болады,
Өзіңнен өзгеге сенбейтін.
Бір кезең болады,
Қателіктеріңді жөндейтін.
Бір кезең болады,
Мініңді өзіңде көрмейтін.
Бір кезең болады,
Армандап үмітті үзбейтін.
Бір кезең болады,
Аяздан жылулық іздейтін.
Бір кезең болады,
Сыйласып, сіз дейтін, біз дейтін.
Бір кезең болады,
Жалғама, үмітті үз дейтін.
©Камал ҰЗАҚ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇