Өлеңдер ✍️
Бауырыма еске алу сөздері
Қара шаңырақ балалық шақ келмес уақыт
Махаббатпен шаттықпен өскен қандай бақыт
Арқа сүйер үлкеніміз өзің болсаң
Мен кішкентай Ақкенжен болдым қалып
****************************
Қанатымыз қатайып ұштық самғап
Бір әулеттің ошағын жағып,жалғап
Ақыл айтып көш бастап келе жатып
Мәңгілікке ұйықтадың бізді тастап
**************************
Тар құрсақтан тараған бауырларым
Аман жүрер деп ойладым мен әрдайым
Жарық күнде аспаннан найзағай боп
Дүр сілкінді жан дүнием көзден ғайып
***************************
Анамның жылап тұрып естірткені
Жүректі бір мезетке ізгіледі
Табанымның астындағы қара жерде
Шайқалып тұрақтамай кете берді
**********************
Өзім беріп өзім алам деген екен
Сынақ өмір аяқталып тұрған екен
Санамменен Алла ісіне мойынсұндым
Жүрегіммен қоштасуға қимай тұрдым
*************************
Тең басқан аяқтарым ақсандады
Жадыраған жанарымды мұң басады
Қатарларың қарсы алдыма келген кезде
Сағыныштан жүрегімді өрт басады
************************
Ағаш бесік жер бесікке ауысты
Жаның мәңгі тәтті ұйқымен жалғасты
Бар амалым құран бағыштап өзіңе
Жұмақ төрін беруді Алла жазсыншы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇