22.01.2026
  70


Қара тұман туралы ертегі

№196 орта мектеп


9а сынып оқушысы


Қалжан Асылзат


«Қара тұман туралы ертегі»


Ертеде Жарық ел деген мекен болыпты. Бұл елде адамдар бір-біріне қамқор, еңбексүйгіш өмір сүрген екен. Елде Нұрдәулет атты жас бала болыпты. Оның үлкен арманы — елге пайдалы адам болу еді. Бір күні елге Қара тұман келіпті. Ол көзге көрінбейді, бірақ жүректерді улайтын күшке ие екен. Қара тұман адамға «қысқа жолмен бақытқа жетесің» деп сыбырлайды екен. Оған ергендер бірте-бірте әлсіреп, арманын ұмыта бастайды. Бұл Қара тұман — есірткінің бейнесі еді. Нұрдәулет Қара тұманнан қорықпады. Ол білім мен еңбекті таңдады. Күн сайын спортпен айналысып, кітап оқыды. Оның жүрегіндегі жарық күшейген сайын Қара тұман әлсірей берді. Нұрдәулет достарына да шындықты түсіндірді. Уақыт өте ел жастары Қара тұманның алдау екенін ұқты. Олар бірлікпен күресіп, жарық жолды таңдады. Қара тұман елден біржола жоғалыпты. Содан бері Жарық елде бір заң бар екен: «Ақыл мен денсаулық — ең үлкен байлық». Түйін: Есірткі — қара тұман. Одан тек дұрыс таңдау ғана құтқарады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу