Өлеңдер ✍️
Күзгі нөсер
Жырдан тоқып үстіме киіп шекпен,
Қарамауға тырыстым өмірге өткен.
Сүріндірді, аямай қаншама рет,
Қатал болды бұл тағдыр, маған неткен...
Жаңбыр болып сіркіреп, жауып көктен,
Күзгі самал күй болып, мұңын төккен.
Кеше ғана жаз еді, жайма шуақ,
Қайда кетті жайдары, көңіл көктем?
Түсінбедім, не жағдай бізге жеткен?
Күндер қайда, бақытты кешегі өткен?
Қалай ғана өзгеріп кетеді адам,
Жұмбақ болды,кеткені тайып серттен.
Сынайтындай, жүйкемді темір деп пе ең?
Шыбын жаным қиналды ішкі дерттен.
Опасыздық жасаған сол бір жанның,
Сатқындыққа қалайша ойы жеткен.
Жаман екен, адамнан сенім кеткен,
Күндер қайда кешегі сүйіп, өпкен.
Арсыздықтың бейнесі осы шығар,
Мысқылменен жанымды тіліп өткен.
Биылғы күз апырай мұңды неткен,
Нөсер болып, көк аспан жасын төккен.
Қош бол енді баянсыз махабатым!!!
Жай отындай жарқ етіп өтіп кеткен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇