Өлеңдер ✍️

  06.11.2025
  3431


Автор: Зейн Сапаров

Ана деген...

Ана деген, Ана деген асқақ ән, 
Ана деген бөлек адам басқадан. 
Қорқатыным бұл өмірде ең қатты, 
Жоғалтудан Ана сізді жасқанам.


 


Ана деген, Ана деген асыл жан, 
Ана деген жаратылған асылдан. 
Тан қаламын кейде кейбір жандарға, 
Өз Анасын тастап, жатқа бас ұрған.


 


Ана деген, Ана деген гүл сынды, 
Сен мұңайсан, анаң бірге күрсінді. 
Ең бірінші қуанатын Анашың, 
Бағындырсаң алға қойған бір шынды.


 


Менің Анам ең керемет, ең әсем, 
Қуанатын өзі жемей, мен жесем. 
Балалары әрқашанда тілеуі, 
Ондай Ана бұл әлемде кемде-кем.


 


Ең сұлусыз ағарсада шашыңыз, 
Ең бастысы аман болсын басыңыз. 
Өмірдегі ең бірінші арманым,
Ұзақ болсын Ана сіздің жасыңыз.


 


Авторы: Зейн Сапаров




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ибрахим
Ибрахим 06.03.2026 09:26
Күшті
Ерғазы Бағым
Ерғазы Бағым 16.11.2025 21:54
Жақсы өлең осы өлеңді анамның туған күнінде айтсамба деп ойланып қалдым
Айтбай Раягна
Айтбай Раягна 09.11.2025 20:26
Ана деген

Пікір жазу