Өлеңдер ✍️

  12.08.2025
  223


Автор: Ерлан Ахмет

Сыныптастарға

Алғаш қоңырау үнімен кірдік,


Әліппе ашып, білім меңгердік.


"Үздік" те болдық, "үштік" те болдық,


Тәлім-тәрбие жүгін өңгердік.


 


Сыныптастарым, құрдастарым-ай,


Мен үшін бәрің дарасыңдар ғой.


Ұмытылмастай сырластарым-ай,


Сағыныш болып қаласыңдар ғой.


 


Қыздардың шашын илеп ойнадық,


Кештер өткізіп, биге тоймадық.


Бақыт шағында он күндей заулап,


Он жыл өтерін біле қоймадық.


 


Ауыл жазында - салауат таңы,


Қала сазында - саламат бағы.


Жанға батады сыныптастардың


Қатары сиреп бара жатқаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу