Өлеңдер ✍️

  15.07.2025
  79


Автор: QARAKESEK

Бірге (арнау)



 



Жүрегі нәзік, қылықты ару,
Көздерім саған болып тұр зәру.
Қара көздерің
Жаныма дәру.(2)

Күлгенің жұлдызбен таласад
Жүргенің тал бойыңа жарасат.
Қалай қарайсың?
Алдағы таңдарға, бірге қарасақ?
Бірге қарасақ
Бірге қаласақ.
Сенімен ғана елестейді болашақ.
Рұқсат ет, күз көңіліңді көктем қылуға,
Гүл сыйлайын өзіңдей сұлуға…

Қ/СЫ
Жүрегі нәзік, қылықты ару,
Көздерім саған болып тұр зәру.
Қара көздерің
Жаныма дәру (2)

Көзім байланды сен байладың,
Тек Саған ғана Басым айналды,
Миым тек сені ойлады.
Күлкіңнен айналдым.
Тұла бойдағы қаным қайнады.
Сен келіп қураған айнала жайнады,
Сен қараңғылыма сәуле Айдағы.
Айдай бейнеңе қалай қарамай тұра алам,
Сені көрсем мида болашағым құралад.
Әлі танысып кетеміз, әлі табысып кетеміз,
Мен Сені Жоғарыдан сұрап алам.
Үміт үзбе, мен сені көтерем,
Мен сені көтерем биіктерге.
Мен сені сүйіп өтем,
Денем айналғанша, сүйектерге.

Қ/СЫ
Жүрегі нәзік, қылықты ару,
Көздерім саған болып тұр зәру.
Қара көздерің
Жаныма дәру (2).





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу