Өлеңдер ✍️
Aralaid
¹ Жүзеді түнгі толқындармен
Оған түн ұнайд.
Жылуы алмасып салқындармен,
Маған емес, Аспанға көңіл айт…
Ол ойларды аралайд,
Айналасына қарамайд.
Айналасына қарамады,
Фәниді жаймен жаяу жүріп аралады.
• Қ-сы:
Баяғыдан маған қастай болған,
Қыстай болған көңілің-ай.
Баяғыдан маған қара тастай болған,
Ашпай қойған жүрегің-ай.
Ол ойларды аралайд,
Айналасына қарамайд.
Айналасына қарамады,
Фәниді жаймен жаяу жүріп аралады.
² Оған гүл ұнайд,
Гүл қалайтын еді
- Білмейм кәзір не қалайд?!
Ол түнімен аунайд,
24 сағат онлайн.
Түнгі тіршілік баурайд,
Құбылып тұр ауа-райы.
Қиялы Алатаудай,
Бүгін түн оны аулайд, ертең жаны жаурайд
Сосын уқалайд,
- Ауырған жүрегін…
• Қ-сы:
Баяғыдан маған қастай болған,
Қыстай болған көңілің-ай.
Баяғыдан маған қара тастай болған,
Ашпай қойған жүрегің-ай.
Ол ойларды аралайд,
Айналасына қарамайд.
Айналасына қарамады,
Фәниді жаймен жаяу жүріп аралады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter