Өлеңдер ✍️

  08.06.2025
  120


Автор: Самрат Құскенов

Сайлау

 



Республикам - Қазақстаным дамысын,
Қазағымды бүкіл ғалам танысын.
Басты міндет - белсенділік таныту,
Еңбек етем Отанымның қамы үшін.



Бұл сөзімді дәлелдеуге тиіспін,
(Айбындымын, Ар алдында биікпін.)
Отан үшін сындырмасам шөп басын,
Туғанымда неге жөргек киіппін?



Ұлтым үшін өтелмесе қарызым,
Болашаққа жете қоймас арызым.
Мемлекеттік құжатыма үңілсем,
Дауыс беру - азаматтық парызым.



Өзім білем, кімге қолдау көрсетем,
Бағдарын қай кандидаттың төр етем.
Таңдау жасау - менің басты құқығым,
Өз жұртымның тасын өрге өрлетем.



Ер ел үшін талай отты кешеді,
Аспанынан қара бұлт та көшеді.
Ат салысам өтуіне сайлаудың,
Бір галочка мың тағдырды шешеді.



Саяси науқан қалар тарих бетінде,
Өткізілген құрдым күннің шетінде.
Президентті көппен бірге сайлаймын,
Қазақстанның азаматы ретінде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу