Эсселер ✍️
Шынайы достық пен жалған қарым қатынас : айырмашылығы мен салдары
Адам баласы - әлеуметтік тіршілік иесі. Біз күнделікті өмірде түрлі адамдармен араласамыз. Бірі жанымызға жақын дос болса, бірі - уақытша ғана сырлас, сапарлас жандар. Кейде шынайы достық пен жалған қарым- қатынасты ажырату қиынға соғады. Бірақ бұл айырмашылықты дер кезінде түсіну - рухани амандықтың кілті .
Шынайы достықтың белілері
- Сенім мен қолдау.
Нағыз дос - қиын сәтте жаныңнан табылып , жетістігіңе шын қуана алатын адам. Ол сенің сырларыңды сақтайды және сені өзгерткісі келмейді.
- Шынайылық пен адалдық.
Шынайы дос - бетке тура айтатын , бірақ сөзімен ренжітпей , кемшілігіңді түзетуге көмектесетін жан.
- Қабылдау мен құрмет.
Олар сені қандай болсаң да қабылдайды, көзқарасың мен қалауыңа құрметпен қарайды.
Жалған достықтың белгілері
- Өзінің мүддесін ғана ойлау
Мұндай адамдар тек пайдасы болған кезде ғана жаныңда жүреді. Сенің көңіл күйің, проблемаларың олар үшін маңызды емес.
- Бәсекелестік пен қызғаныш.
Олар сенің жетістігіңді көре алмай , іштей қызғанып, кейде сенен асып түсуге тырысады.
- Сырттай жақсы көрініп, іштей реніш жинау.
Олар шынайы емес. Көбіне бетіңе күліп, артыңнан өсек айтуы мүмкін.
Бізге тиер салдары қандай болуы мүмкін?
- Шынайы достықтың салдары:
Сенімді орта, моральдық қолдау, дамумен шабыт. Мұндай қатынас өмірге деген сенімді арттырады.
- Жалған достықтың салдары:
Өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, жалғыздық сезімі, психологиялық күйзеліс. Уақыт өте мұндай адамдармен болған қарым- қатынас адамның рухани әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
Психология ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік қатынастар сарапшысы Асылбек Жұмабековтың пікірінше, «шынайы достық адамның өмір сапасын арттырып, эмоционалдық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ал жалған достық адамға сенімсіздік пен әлеуметтік оқшаулану сезімін тудырады. Сондықтан адамдар өздерінің қарым-қатынастарын мұқият талдап, шынайы достарды бағалауы керек.»
Қорытындылай келе шынайы достық - сирек кездесетін асыл қазына. Оны бағалау , сақтау және уақытында жалған қарым- қатынастан шегіне білу - өзіңе деген құрметтің белгісі. Өзіңе жақын адамды таңдағанда жүрекпен және ақылмен қабылдаған дұрыс. Себебі дұрыс таңдалған дос - өмір бойғы тірек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇