Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2025
746
Мені сүйме
Мені сыйла, құлап, талып сүйгенше,
Ғашықтықтың алауына күйгенше.
Сүймегенің артық шығар қарағым,
Сүйіп жанды жегідей жеп жүргенше.
Мені сүйме, сыйламасаң, асылым,
Өтер, кетер, сенсіз де бұл ғасырым.
Сүю - мың бір түн айтатын жыр шығар,
Ал, сыйластық берері көп тағылым.
Мені сүйме, сыйла, біліп бағамды,
Ақ тоныңа тапқандай боп жағаңды.
Қарындастай көрем, ұялып, сызылсаң,
Мені көрсең, көргендей боп ағаңды.
Мені сүйме, жүрегіңді жаралап,
Пәк сезімің кетер тәнді қаралап.
Сыйлап өтсең, бәріне де төзесің,
Ақын көңіл кеткенде ел аралап.
Өмірімді талдасаң, бұл расталған,
Өлең жазып артта талай жас қалған.
Сүймей тұрып, санаң жетсе ұғуға,
Шын махаббат сыйластықтан басталған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇