Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2025
410
Тіл - әкең!
Асқар тауың аласармас,
Орнына ешбір дүние таласа алмас.
Көрікті болғанымен жан баласы,
Ешкіммен тіл табыспай, жараса алмас.
Тіл - анаң!
Мәпелеген, аялаған,
Бақытың үшін өзін аямаған.
Жүректі тербеткенде меруерт есім,
Әр сөйлем болатындай сая саған.
Тіл - тегің!
Білсең, елдің шежіресін,
Тарихпен құтты болып сезілесің.
Білмесең қасиетті жеті атаңды,
Қарғам-ау, не бетіңмен есіресің?
Жүрекке өткізбеспін әмірімді,
Айтсам да жырлап көрген жәбірімді.
Тілімнің жете алмасам қадіріне,
Қазбаңдар өлгенімде қабірімді.
Өйткені, тілсіз ешкім емеспін мен,
Меңіреу болып жүрген елеспін мен.
Қызметтен нығмет көріп жүргеніммен,
Тек тілмен бағынбаған белеспін мен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇