Өлеңдер ✍️

  29.05.2025
  137


Автор: Самрат Құскенов

Кеткен әкім мен келген әкім

 



Кеткен әкім, ашиды жаным саған,
Еккеніңді тал емес боқ қылып тұр.
Тәуелді боп өзіңе жақындаған
Кісілерің ісіңді жоқ қылып тұр.



Еткен, сіңген еңбегің еленбеді,
Нақты айта алмайды таулығыңды.
"Әй-әйлардың" білімі терең бе еді?
Кеттің, болды, тілемес саулығыңды.



Ізің түгіл, ұмытты атыңды да,
Маймөңкелеп жүргендер ғайып болды.
Келген әкім туыс қып жатыңды да,
Елдегілер қолдарын жайып болды.



Лебіздерін жақсылап төкпелетіп,
Гүлдендіріп тастаған сарайыңды.
Ерім кетті жерлесін өкпелетіп,
Негіз қылып шашылған арайыңды.



Әттең, сезсең, жаңаның жаңа аты,
Көбік сөзге алданып, жарқыраған.
Іші арам шығарып ғажап атын,
Мықтап әрбір шаруасын талқылаған.



Екіжүзді адамдар түсінбейді,
Екі дүние бақытын көрмейтінін.
Кеткен әкім бос сөзге жүгінбейді,
Келген әкім білсе де өрлейтінін.



Келген әкім дұрыстап сабақ алса,
Кеткен әкім жолымен бағытталмай.
Келген әкім оң-солға қарап алса,
Кеткен әкім артынан бақыт алмай.



Кеткен әкім - өткен шақ оралмайтын,
Келген әкім - болашақ жарқын болған.
Кеткен әкім - тарих қой жоғалмайтын,
Келген әкім - дос болса, халқым - қорған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу