Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  151


Автор: Самрат Құскенов

Орысқұл

 



Орысқа тегін қызмет көрсететін,
Мәңгүрт қой жат көңілін көл ететін.
Өзінің дені дұрыс бір сөзі жоқ
Ұлт тілін ертеңіне мөр ететін.



Ұлтшылдық енбей қалған санасына,
Құлдықтың үйір болған панасына.
Пайда жоқ өз тілінде сөйлемеген
Адамның сый бергені анасына.



Өйткені, тіл - ақ сүттен басталады,
Мінезің әр сөзіңмен расталады.
Қазақша сөйлей алсаң, анаң асыл,
Сөйлемей қалсаң, жаны ласталады.



Тарихты оқып көзден жас тамады,
Бойтұмар қып көрсем де Астананы.
Қазақты қырған Хрущев, Сталиндер,
Орыстың аңыз қылған қасқалары.



Орысша сөйлегенің - сатылғаның,
Қазақты қайғы-мұңға батырғаның.
Колбиннің ісін қолдап, қуанғаның,
Құт көріп, Қайраттардың атылғанын.



Орысқұл, оянатын таңың бар ма?
Артық па қасқалдақтай жаның ардан.
Ойыңда Александр болмау қажет,
Бойыңда Әлиханның қаны барда.



Көрмейсің өзге ұлттың шапағатын,
Сақтамай, өз ұлтыңның қанағатын.
Қайтесің, Орысқұлдың жаман атын
Тұрғанда Қазақбайдай ғажап атың.
Бірақ, сен түсінбейсің ештеңе де,
Қоғамның осы боп тұр машақаты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу