Өлеңдер ✍️
Гид қыз
Мәдениеттің саласында өлкетану музейінің гидымын,
Әдебиеттің ғаламында поэзияның еркін ойлы хитымын.
Танымайтын адамдарға жұлдыз болып жарқыраған ақынмын,
Таныстарға үріп-үріп қояр ұлттың ырылдаған итімін.
Гид қыз, мен де сен сияқты сырын ашып құт дарыған қаланың,
Қазбалаймын құпия толы орындарын қазыналы даланың.
Меймандардың кейбіреуі зейін қойып, ықыласпен тыңдаса,
Кейбіреуі тыңдамайды, еркелейді ісін жасап баланың.
Өткен шаққа шолу жасап, саяхаттап апарасың сөзіңмен,
Жәдігерге жан бітеді қарағанда мөлдіреген көзіңмен.
Гид қыз, маған тарихтағы деректердің керегі де шамалы,
Музей – қызық, мұралармен емес, мына өзіңмен.
Хит әндердің мәтінімен әдемі боп көрінгенше сұлуым,
Гиды болып музейдің әр залын шарлап, жақсы емес пе жүруің?!
Витринаның шынысын да теледидар экранындай қылады
Экспонаттың келген жерін, кім бергенін талдап, айтып тұруың.
Ғасырлардың ертегісін талқыламай, өз ішіңді сарала,
Аңыздарды рет-ретімен тізе бермей, өз орныңды дарала.
Қит еткенге мемлекеттің мирас залын таныстырып шаршамай,
Гид қыз, менің жыр тербеткен иман толы жүрегімді арала.
Өзіме сай мінезім мен талабым бар болғандықтан, биікпін,
Шынын айтсам, дүние емес, байлық деп құр кітаптарды жиыппын.
Жақ талдырып, табаныңды тоздырғанша фраңцуздың гиды боп,
Екі жақты құдандалы қылып, мәнін ашсақ, ұлттық киіттің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇