Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  148


Автор: Самрат Құскенов

ТАНЫСТАР

Қайткенде біз дамытамыз саланы?
Мықтыларға жауып жүрсек жаланы.
Алақанға салып тұрып аялап,
Мәпелесек, «Көкесі» бар шаланы.



Қазақ – мықты, тек танысы қорлаған,
«Бәкесінің» арқасында сорлаған.
Қолынан түк келмесе де, өз жанын
Қаламаған ісін істеп зорлаған.



Қазақ – текті, өлген бірақ, намысы,
Қалмаған соң ұлылықтың мәнісі.
Талаптыны ши бөрідей талатып,
Мемлекетті құртқан көптің танысы.



Қазақ қана іздеп табар «Сағасын»,
Мүлдем білмей іскерліктің бағасын.
Ет жақыны болмаса да, әйтеуір
Балақтан да жасап алған жағасын.



Енді қайтып елге қонсын береке?!
Қалталыға үйір болды мереке.
Аты «Ер»-ден басталғанның барлығы
Болып тұрса, қарсы алдында «Ереке».



Байқалмайды өз ісінің маманы,
Қоғам сорлы ескермеген шаманы.
Жүйкең тозды, естіп «Жүке» дегенді
Туғандықтан таныстардың заманы.



Қай жағына жете қойды бір жаным,
Бұл күндері былық елден кір жаным.
Айға теңеп, күнге балап танысты,
Қызметті көтпен былғап жүр жаным.



Мисыз адам бола алмайды төзімді,
Оған талай жеткізгенмін көзімді.
Көтке кірме, танысыңды көттен теп,
Дәлелдегің келсе, жұртқа өзіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу