Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
184
ЖҮРЕККЕ ТҮСКЕН САЛМАҚ
Сені ойлап кетеді көңіл босап,
Махаббаттан бос қиял көпір жасап.
Ойнап-күліп жүретін ойсыз, қамсыз,
Сүймегенге болады өмір ғажап.
Жақсы бола қоймайды халым аса,
Өзіңді ойлап мұң-қайғым қалыңдаса.
Өршіл болмыс қалады өз жайына,
Өртке толы сезімім жалындаса.
Бір өзіңе аударып назарымды,
Тыс қалдырдым бес күндік базарымды.
Сені сүю – жүрекке түскен салмақ,
Тереңдіктен жаздыртқан ғазалымды.
Мініп алдым арманның ұшағына,
Қызықпаймын дүниенің ұсағына.
Самрат ақын болсам да айналама,
Мұқтаж едім өзіңнің құшағыңа.
Аттандырған бақыттың мекеніне,
Көз жеткіздім тағдырым екеніңе.
Талай қыздың жолдаған лебіздері
Жетпес сенің «Ерім-ай» дегеніңе.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇