Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  200


Автор: Самрат Құскенов

Ұлтқа деген ғиззатым

Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.
Әлихан Бөкейханов



Қазақ-менің баға жетпес қазынам,
Қазақ барда, кімге құл боп бағынам.
Қазақ тілін менсінбеген жан көрсем-
Намыстанам, ашынам!



Қазақ үшін қорлықты да көремін,
Қазағым деп қиындыққа төземін.
Құлақ кесті құл болсам да ұлт үшін,
Бәріне де көнемін!



Қазақ қызы-жүректегі иманым,
Қазақ ұлын жаман атқа қимадым.
"Ұлтшылсың!"-қамаса да түрмеге
Осы-ұлтқа ғизатым!



Қиял болып тұрса-дағы ұшағым,
Әр қазаққа ашылады құшағым.
Ештеңе де жасамадым қазаққа,
Өмірдегі пұшағым!



Мың қазағым баспаналы болсын деп,
Алған үйі нәрселерге толсын деп.
Керек десең басымды да беремін,
Қазақ есен болсын деп!



Рухым мықты болсын деп ой жинадым,
Білім іздеп өзімді де қинадым.
Өзге тілде сөйлемеймін, қор болсам,
Ұлтқа деген ғизатым!
 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу