Эсселер ✍️

  03.05.2025
  293


Күй - киелі де қастерлі,сырлы да сұлу

 


  Күй-халықтың жан дүниесінің көрінісі. Тек ғана,әсем үнмен шектелмей,халықтың күн-көрісінің шындық айнасы. Әрбір,тартылған күйдің артында өзіндік ерекше тарихи бар. Олардың,түпкі идеясы да тереңінде жатқаны белгілі.


    Біріншіден,өз түпкі идеясы мен тарихы тереңде жатқан күйдің бірі - Үмбетай жыраудың Абылай ханға,ең жақын серігінің қазасын жеткізуі. Бөгенбай батырдың өлімі жайлы ханға үн қата алмай жатқан елжің ішінен,сүріліп шығып,домбырасынан тарта жөнелді. Домбыраның зарлы күйінен қайғылы хабарды Абылай хан бірден түсінді.. Күй -тілсіз сөйлер өнер дегендей бұл оқиға арқылы ,қазақ халқының қарапайым күйді сөйлете білгенін көруге болады.


  Екіншіден, Құрманғазы атамыздан қалған әрбір еңбек әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпауда. Солардың бірі- “Адай”,”Сарыарқа” күйлері. “Адай” күйі қазақ халқының еркіндік жолындағы күресіне бейне бере отыра,халық рухының көтерілуіне арнайы жазылған деседі. Ал,”Сарыарқа” қазақтың кең-байтақ жері жайлы жырлайды. Қарапайым жолаушының Сарыарқа бойынан жол жүріп бара жатқан кезде,оянған шабытынан пайда болған өнер туындысы. Өзен-көлмен,созылып жатқан жасыл жайлаудан оянған шабыт,жолаушының сол жерде кішігірім аялдап,осы күйдің пайда болуына себепші болған екен. Десе де,Құрманғазы атамыздың әр күйінің мағынасы тереңде.


   Үшіншіден,Абыл Тарақұлының “Нарату” күйі де,біздің тарихты қозғап өтеді. Сонау 19 ғасырларда өткен суық соғыстың көрінсін домбыра күшімен сипат берді. Қазақтардың сол соғыста қара күн басқандай күннің сәулесіндей жоялып жатқаның айқын көрінісі. Орыс халқының зұлымдығының кесірінен,қазақ халқының тарихының қанды беттерінің пайда болуына алып келген оқиғаны күйге сыйғызған. Қарапайым сөзбен көрген адам түсіндіре алмас сәтті,ақын домбырамен жеткізе алды. Мұның өзі біздің сөйлеу тілімізге күйдің маңызын жеткізеді.


  Қорытындылай келе,жырлай берсең тоқтамасың дегендей,күй мен жырларға келгенде қазақ халқы осал емес. Бірақ,өзгелерден өзгешілігіміз - аспаптың күшімен сөздің орнын баса ала алатынымыз. Мұның өзі тұнып тұрған өнер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу