Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  144


Автор: Еркін Оралбайұлы

БАҚЫТТЫ ҚЫЛ БІР ҚЫЗДЫ

 


 


Сұлу қызға тең етіпті жұлдызды,


Гүлге теңеп қызды нəзік қылғызды.


Жігіт болып жүргеніңнен не пайда,


Бақытты ете алмасаңыз бір қызды.


 


Нəзіктігі бейне мақпал, қырмызы,


Таласа алмас, көлдің сұлу құндызы.


Отауыңның сəні болмас майысып,


Отырмаса қазақтың сұлу бір қызы.


 


Қызды қорға, гүл секілді жұлғызба,


Біреулерге ойыншық та қылғызба.


Өміріңді босқа өткізбей сандалып,


Отау құрып, бақыт сыйла бір қызға.


 


Қамқорлықты қара көзден аяма,


Қорғап жүргін алып бəрін саяңа.


Қарындасың əрбір қызы қазақтың,


Нəзік жан ғой, еркелетіп аяла.


 


Сыр бөлісіп сыйла оны досыңдай,


Кешіре сал болып жатса, тосын жай.


Ізбасары Жұпар, Əлия, Мәншүктің,


Қазақ қызы міне біздің осындай.


 


Еркін Оралбайұлы 16.04.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу